Қосымша білім беру саласының 100  жылдығына орай, 30 қараша күні ұлт аспаптар бөлімі домбыра аспабының мұғалімі Т.Б.Мұхамеджановтың класс концерті өткізілді. Концерттік бағдарлама  Т.Б.Мұхамеджанов пен фортепианода сүйемелдеуші Л.Р.Наурузбаеваның орындауында Моцарттың "Түрік маршымен" басталды. Концертте мұғалім Т.Б.Мұхамеджановтың барлық шəкірттері өз өнерлерін көрсетті. Концертте жеке орындаушылар, фортепианоның сүйемелдеуімен ансамбльдер күйлері мен шығармаларын көрермендерге паш етті. Оқушылардың фортепианода сүйемелдеушісі Старовойтова Е.В.